Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жарияладыТанымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бала туу көрсеткішінің төмендеп кеткеніне алаңдаулы, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы еліміздегі туу көрсеткіші бойынша антирекорд орнағанын алға тартқан. Осы орайда журналист бұлай жалғаса берсе, балабақшалар жабылуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.
Балалы болуға асықпайтындар қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. Неге? Былтырғы алғашқы 3 ай мен биылғы 3 айды салыстырсақ, туу көрсеткіші 14%-ға төмендеді. Себебі сан алуан болуы мүмкін, бірақ мұндай төменгі көрсеткіш соңғы рет 2014 жылы болған. Ары қарай осылай жалғаса берсе, жағдай қалай болар екен? Бала туылуының күрт төмендеуінен кейбір мемлекеттерде балабақша, мектептер жабылып жатқанын еститін едік, бізге де сондай қауіп төнбей ме екен, - дейді Сұлтанқызы.
Тележүргізуші бұған тек қаржылық мәселелер себеп дегенге күмән келтірді.
Неге әке, ана болудан саналы түрде бас тартады екен? Тек қаржының жетіспеуі ме? Әй, қайдам, олай емес-ау... – деп қосты ол.
Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?