18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Қаржылық алаяқтықтың алдын алу мақсатында әрбір азамат банктер мен микроқаржы ұйымдарынан қарыз ресімдеуден ерікті түрде бас тарту қызметін пайдалана алады. Бұл қызмет «Стоп-кредит» деп аталады және ол egov.kz порталында және E-gov мобильді қосымшасында қолжетімді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қызметті компьютер арқылы қосу үшін egov.kz сайтында жеке кабинетке кіріп, «Сервистер» бөлімін ашу қажет. Онда «Банктік қарыздар, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін таңдап, электронды нысанды толтырып, өтінішке ЭЦҚ-мен қол қою керек. Нәтижені «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен көруге болады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, бұл қызметті E-gov мобильді қосымшасы арқылы да пайдалануға болады. Ол үшін «Қызметтер» бөлімінде «Салықтар мен қаржы» тармағын таңдап, кейін «Кредит алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін таңдау қажет. Содан кейін деректерді толтырып, өтінішті электронды түрде растау жеткілікті.
Қызметті іске қосқаннан кейін азаматтың кредиттік тарихында қарыз алудан бас тарту туралы белгі қойылады. Бұл ақпарат банктер мен микроқаржы ұйымдарына көрінеді, сондықтан олар мұндай жағдайда несие беруден бас тартады. Егер тыйым салуға қарамастан несие сіздің келісіміңізсіз рәсімделсе, ол есептен шығарылады.
Қажет болған жағдайда қызметті кез келген уақытта өшіруге болады. Алайда, бұл шектеу кредиттік бюроларды пайдаланбайтын ломбардтар мен басқа ұйымдарға қолданылмайды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова банктер енгізіп жатқан адамның алақаны арқылы төлем жасау жүйесіне қатысты пікір білдірді. Ол қаржы саласында енгізілетін кез келген жаңа технология алдымен қауіпсіздік тұрғысынан мұқият тексеріліп, бағалануы тиіс екенін атап өтті.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр