Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қаржы пирамидасының кезекті жетекшісі Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды El.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Украина Бас прокурорының офисі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматшасы «К»-ны экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырды. Тергеу барысында аталған адамның 2017-2018 жылдар кезеңінде тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесуге уәде беріп, қазақстандық азаматтардың 85 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын алдап алғаны анықталды, - делінген құзырлы орган таратқан хабарламада.
Қылмыс жасағаннан кейін азаматша «К» қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды.
Биыл қаңтарда күдіктіні Украина аумағында сол елдің құқық қорғау органдары ұстаған. Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері шетелдік әріптестерінің көмегімен азаматша «К»-ны елімізге экстрадициялады.
Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік