Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жоба бұйрығын әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұйрық жобасында «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес келтіруді көздейді. Соған сәйкес заңнамалық актілерге сілтеме жасау кезінде оларды қабылдау күндерін көрсету талап етілмейді.
Сондай-ақ, бұйрық жобасында екінші деңгейдегі банктерден және бақылау-кассалық машина моделінің құқық иеленушісінен үш компонентті интеграцияланған жүйе моделіне бақылау және төлем компоненттерін қосу кезінде келісім алу бөлігінде толықтыру көзделеді. ҮИЖ сауда процестерін есепке алу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау және салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметінің барлық объектілері бойынша тауарларды есепке алу үшін қолданылатындығына байланысты салық төлеушінің орналасқан жері бойынша ҮИЖ тіркеуді өзгерту көзделеді.
Бұйрықтың бұл жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14736629 интернет-порталында 2023 жылғы 3 қазанда орналастырылған. Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі - 2023 жылғы 17 қазанға дейін созылмақ.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?