Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚаржы министрі Мәди Такиев Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша өңірлік директоры Асад Аламмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуде министр кейінгі жылдары Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің арасында экономикалық мәселелердің кең ауқымын қамтитын берік және жемісті ынтымақтастық қалыптасқанын атап өтті. Сондай-ақ ведомство басшысы қаржы институтына инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қолғабыс етіп, қолдау көрсеткені үшін ризашылығын жеткізді.
Тараптар мемлекеттік реформалар бағдарламаларын, оның ішінде жаңа Салық кодексін әзірлеп, енгізу жолдарын, сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді жетілдіру бойынша грант беру мәселесін талқылады. Бұдан бөлек екі жақ 2024-2025 жылдары мемлекеттік шығыстар мен қаржылық есептілікті (PEFA) бағалауды жүргізуге келісті. Бұл мемлекеттік қаржы жүйесін басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттырып, тұтастай еліміздің инвестициялық тартымдылығын нығайтуға оң әсерін тигізеді.
Айта кетсек, кездесуге Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михнев пен Дүниежүзілік банктің басқа да экономистері қатысты.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары