6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы оразада берілетін пітір садақаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада өткен баспасөз мәслихатында дін қайраткері садақа көлемінің қанша мөлшерде болуы тиіс екенін атап, сұрақтарға жауап берді. Еліміз бойынша пітір садақасы 655 теңге болып бекітілген.
Бір нәрсені түсінуіміз керек. Қарызға батып, садақа бермейді. Шамасы келген адам ғана береді. Осыны жақсылап біліп алайық. Біздің дініміздің кереметтілігі сондай адамдардың жағдайына қарайды. Тіпті, ауызашар бермеген адамға күнә жазылмайды. Ауызашар беру сауапты іс саналады. Берсеңіз сауап, жағдайыңызға қарап бермесеңіз де болады. Ол үшін күнә арқаламайсыз. Қалтаңыз көтермесе пітір садақа да бермеңіз, ауызашарға да шақырмаңыз. Шариғатта оны міндеттемейді, – деді Н.Тағанұлы.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі