Қарулы қақтығыс: Суданнан 800 мыңнан астам адам кетуі мүмкін

2 Мамыр 2023, 04:05 1162

Қарулы қақтығыс салдарынан Суданнан 800 мыңнан астам адам кетуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының басшысы Филиппо Гранди мәлімдеді.

БҰҰ Судандағы әскери қақтығыс салдарынан 800 мыңнан астам адамның көрші елдерге қашып кетуіне дайындалуда, - деп жазды ол Twitter-де.

Соңғы мәліметтер бойынша, Судандағы қарулы қақтығыстар басталғалы қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 459-ға дейін жетті.

Бұған дейін Суданнан қазақстандықтар эвакуацияланып жатқанын хабарлағанбыз. ҚР азаматтарының нақты санын анықтау және оларға Суданнан эвакуациялауға жәрдем көрсету үшін елшілік жанынан жедел желі ашылған болатын.

Перизат Саденова
Бөлісу: