Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСемейде орналасқан әскери бөлімнің коменданттық взводының электригі қатардағы жауынгер Қызыр Мұхаметжанов отқа оранған үйден әйелді құтқарып алып шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқыс оқиға 10 маусым күні кешкі уақытта әскери қызметші дүкенге бара жатқан уақытта болған. Ол қаланың тар көшелерінің бірінде өрт сөндіріп жатқан адамдар тобын көрген.
Жанып жатқан ғимараттың терезелерінен жанұшыра шыққан айқайды естіген әскери қызметші еш ойланбастан көмекке жетті. Қоршауды айналып өткен ол терезе әйнегін сындырып, жанып жатқан бөлмеге кірді.
Бұл кезде қалың түтіннің салдарынан үй ішінде ештеңе көрінбейтін. Сол себепті Қызыр Мұхаметжановқа айқайлаған дауысқа құлақ түруге тура келді. Соның арқасында ол үй ішінен әйел адамды тез тауып, сыртқа көтеріп алып шықты, - делінген мәліметте.
Жедел медициналық жәрдем бригадасы зардап шеккен адамды қаладағы ауруханаға жеткізді. Қазір ол ем қабылдап жатыр.
Екі баланың әкесі қатардағы жауынгер Қызыр Мұхаметжанов он жылдан астам уақыттан Қарулы күштер сапында келісімшарт бойынша қызмет етіп келеді.
Қызыр өзінің іс-әрекетін батырлық деп санамайды. Өйткені қиын сәтте көмек қолын созу ол әр азаматтың міндеті дейді. Әскерде қалыптасып қалған әдетінше ол жедел, әрі батыл әрекет етуге шешім қабылдауға әркез дайын.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары