Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 731 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл құжаттың жобасы ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы қаулысымен бекітілген Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 159) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Аталған өзгерістер мен толықтырулар парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлықтың тәртібін айқындау, сондай-ақ 32039 әскери бөлім бөлімшелері жеке құрамының оқу, оқу-жауынгерлік және арнаулы міндеттерді орындауы үшін жеке құрамның, қару-жарақтың, әскери техника мен жүктердің тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 24 қаңтарына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14889597 сілтеме арқылы танысуға болады.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар