Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) өз титулдарын қорғау үшін 2025 жылғы 5 сәуірде Астанада рингке шығады. Оның қарсыласы – франциялық Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО), деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл бокс кешін ұйымдастыруды Nomad Promotions компаниясы қолға алса, жекпе-жек ESPN+ платформасында тікелей эфирде көрсетіледі.
31 жастағы Әлімханұлы WBO чемпиондық белбеуін бесінші рет, ал IBF титулын екінші рет қорғайды. Ол соңғы рет 2024 жылдың қазан айында рингке шығып, Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайловичті тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңген.
Ал 28 жастағы Нгамиссенге үшін бұл оның мансабындағы ең маңызды жекпе-жек болмақ. Француз боксшысы алғаш рет әлем чемпионы атағы үшін таласып, 12 раундтық жекпе-жекке қатысады. ESPN рейтингінде орта салмақтағы ТОП-10 боксшылар қатарына кіргенімен, жоғары деңгейдегі қарсыластармен айқас тәжірибесі жоқ. Соңғы кездесуін 2024 жылдың маусымында өткізіп, Сандро Джаджанидзені үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс