Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыII Қазақстандық геологиялық Универсиада «Сәтпаев» өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Satbayev University бастамасымен және Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің қолдауымен II Қазақстандық геологиялық Универсиада «Сәтпаев» табысты өтті.
Іс-шараның негізгі алаңы — А. Сәгінов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Қарқаралы қаласындағы «Политех» оқу-геологиялық полигоны болды.
Универсиада еліміздің барлық өңірлерінен келген студенттерді, магистранттарды, оқытушыларды және сала мамандарын тоғыстырды. Бұл іс-шара геологиялық ғылымға деген қызығушылықты арттыруға, тәжірибе алмасуға және болашақ мамандардың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған.
II Геологиялық Универсиаданың жеңімпаздары:
• I орын — Семей геологиялық барлау колледжі
• II орын — Назарбаев Университеті
• III орын — Қазақ-Британ техникалық университеті (ҚБТУ).
Жеңімпаздарға дипломдар, сертификаттар және ақшалай сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, Satbayev University ректорының атаулы гранты мен ҚР ӨҚМ Геология комитетінің алғыс хаттары берілді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары