Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚарқаралы қаласында, аудандық білім бөлімі ғимаратының жанында ұлт ұстазы және «Алаш» партиясының көшбасшысы Ахмет Байтұрсыновқа ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды El.kz Қарағанды облысы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Ескерткіштің авторы – Қарқаралы ауданы мемлекеттік мұрағатының басшысы Манарбек Кәрім.
Бұл – мүсіншінің ұлт ұстазына арналған екінші жұмысы. Бұған дейін «Алаш» партиясы көшбасшысының 150 жылдығына арналған ескерткіш Қарағандыдағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясының ауласында орнатылған болатын.
«Қорғантас тауы Қарқаралы қаласының батыс бөлігінде орналасқан. Мен бұған дейін дәл осындай ескерткіш жасап, осы таудың етегінен алынған қатты тасты қолдандым. Міне, осы жолы да сол тасты қолдандым, – дейді мүсінші. – Ескерткіштің ені – 2,2 метр, биіктігі – 4,3 метр. Оның салмағы шамамен 5 тонна. Мұндай тапсырыстарды орындау мен үшін үлкен мәртебе», - дейді мүсін авторы.
Мүсінші Манарбек Кәрім сондай-ақ Қарқаралыдағы Абай үйінің жанында және Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінің мәдениет үйінің аумағында орнатылған Абай Құнанбаев пен Бұқар жырау ескерткіштерінің авторы.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары