Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖеті автокөліктің алтауы Абай, Қаршығалы, Қоянды, Егіндібұлақ, Ынталы және Шарықты ауылдық округтерінің ветеринариялық пункттеріне берілді. Тағы бір көлік аудандық ветеринариялық станцияға рәсімделді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Ауылдық ветеринариялық пункттерді автомобильдермен қамтамасыз ету – біздің ауданымыздың көпжылдық проблемасы, қазір ол шешіле бастады. Бұрын біздің мамандардың қызметінде ескі "Нивалар" болған, олар жиі бұзылып, қолайсыздық туғызатын, – дейді Қарқаралы ауданының ветеринариялық станциясының басшысы Аян Мержақыпов.
Айымгүл Қойайдарова – Қаршығалы ауылдық округінің ветеринариялық пунктінің меңгерушісі. Оның қарамағында екі фельдшер және бір санитар жұмыс істейді. Олар Көктас ауылына, Жаңа жол бөлімшесіне, Саумалкөл станциясына және бес қыстаққа қызмет көрсетеді.
Біздің аумақта 3500-ге жуық ірі қара мал және 5300-ге жуық ұсақ мал бар. Ақпан айынан бастап бізде қарқынды жұмыс басталды. Бұл төлдеу және жануарларды жоспарлы вакцинациялау кезеңі. Көліксіз ешқайда бара алмаймыз, – дейді Айымгүл Қойайдарова.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек