6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «Qarmet» АҚ өкілдігінің аумағынан жанар-жағармай материалдарын ұрлау бойынша қылмыстық схеманы жолға қойған адамдар тобының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, топ мүшелері өздерінің бұл әрекеттерін ұзақ уақыт бойы жүзеге асырған. Жәбірленуші тарап олардың кесірінен кәсіпорынға 50 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірілгенін айтады.
Бұдан басқа, «Qarmet» АҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, кәсіпорын қызметкерлерінің, оның ішінде күзет қызметінің жанар-жағармай жымқыруға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан 5,5 тоннаға жуық дизель отыны, ірі көлемде қаражат және іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі