18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Алматы халықаралық әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшу және қону уақыты өзгеріп, көптеген рейстер кешігіп жатыр. Әсіресе ұшып келетін бағыттарда кідірістер байқалады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Онлайн кестедегі мәліметтерге қарағанда, ішкі және халықаралық бағыттар бойынша бірнеше рейс жоспардан кеш жүріп жатыр. Атап айтқанда, Новосибирск, Астана мен Ақтау бағыттарына ұшу кейінге қалдырылса, ал кері бағыттарда: Новосибирск, Астана, Өскемен, Ташкент, Қарағанды, Семей, Ақтөбе, Орал, сондай-ақ Дели, Фукуок, Шарм-эль-Шейх және Дубайдан ұшып келетін ұшақтар да уақытында жете алмай жатыр.
Кеше кешкісін Алматыда биылғы маусымның алғашқы қар жауған болатын. Соның салдарынан қалада көлік қозғалысы қиындап, жолдарда көктайғақ пайда болды.
Қалалық коммуналдық қызметтер күшейтілген тәртіпте жұмыс атқарып жатыр. Қар тазалау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 900-ден астам арнайы техника мен 2,500-ден астам қызметкер жұмылдырылған.
Сонымен қатар, жауын мен қар аралас ауа райының салдарынан кейбір шағынаудандарда электр қуаты уақытша өшіп қалған. Мамандар апатты жағдайларды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр