12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік"Қазгидромет" синоптиктері 1, 2 және 3 ақпанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсер етіп, бұлтты ауа райы күтіледі. Жауын-шашын аралас қар, жаңбыр жауып, боран, желдің күшеюі, тұман және көктайғақ құбылыстары байқалады. 1 ақпанда қатты қар тек шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауады, ал республиканың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Түнгі уақытта Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы -15...-28 градустан 0...-18 градус аязға дейін ауытқиды. Күндіз солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде температура -4...+2 градусқа дейін жылынады. Шығыс пен орталықта күндізгі температура 0...-11 градус аралығында сақталады7
Батыс өңірлерде түнде -8...+2 градус аралығында, күндіз 0...+10 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстікте түнде -2...-13 градус, ал күндіз -2...+7 градус болады. Оңтүстік-шығыста түнде температура -5...-15 градусқа дейін, таулы аймақтарда -17...-25 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз -7...0 градус аралығында болады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер