22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕрлан Қарин Телеграмдағы каналында 137 мұғалім мен 80 ғалымның марапатталуы – мемлекеттік саясаттың озық ойлы қоғамды қалыптастыруға, жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарын насихаттауға бағытталғанын айғақтайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, мемлекеттік наградалармен марапатталған азаматтардың елге сіңірген еңбегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтқан жалпыұлттық құндылықтарымен толық үндеседі.
Біріншіден, мемлекеттік марапатқа ие болған азаматтардың басым бөлігі, яғни 450-ден астам адам – жұмысшы мамандықтарының өкілдері, атап айтқанда шахтерлер, көлік қызметкерлері және басқа да өндіріс саласының мамандары. Сондай-ақ жалпы жұмыс өтілі жүздеген жылдарды құрайтын еңбек династия өкілдеріне де айрықша мән берілді. Осылайша, Мемлекет басшысы еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік құндылықтарын идеологияның маңызды бағыты ретінде дәріптеудің өзекті екеніне назар аударды. Екіншіден, "Қазақстанның Еңбек Ері" жоғары атағын алған төрт адамның үшеуі ғылым мен білім саласының өкілдері екенін ерекше атап өту керек. Мұның бәрі ғылым мен білімді дамытуға, ғалымдар мен ұстаздардың мәртебесін көтеруге қатысты нақты іс-шараларды жоспарлы түрде жүргізіп жатқан Президент саясатының бірізділігін көрсетеді. 137 мұғалім мен 80 ғалымның марапатталуы – мемлекеттік саясаттың озық ойлы қоғамды қалыптастыруға, жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарын насихаттауға бағытталғанын айғақтайды.
Үшіншіден, марапатталған азаматтардың арасында Сержан Шәкірат, Нұрлан Өнербай, Секен Тұрысбеков, Майра Мұхамедқызы, Самал Еслямова және т.б. сияқты өнер саласының майталмандары да аз емес. Сол арқылы Мемлекет басшысы ұлт руханиятын дамытудың және қоғамда жоғары мәдениет қалыптастырудың маңыздылығын паш етті, - деп жазды Ерлан Қарин.
Оның сөзіне қарағанда, Президент Ұлттық құрылтайдың отырысында білім, ғылым және мәдениетті қазіргі қоғамның үштағаны деп атады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев