23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қарағанды облысында жолды уақытында тазаламағаны үшін жауапты компания басшылары мен лауазымды тұлғаларға 5 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Себебі жол апаты жиілеп кеткен. Өткен бір айда жолда 13 адам опат болды. Полицейлер жол учаскелерін тұрақты түрде тексеріп, бақылауды күшейтті. Мысалы, бір ғана «Екатеринбург-Алматы» тас жолында қауіпті 10 учаске анықталған. Соңғы 2 айда жолдың тазалығына жауапты 80-нен астам лауазымды және заңды тұлғаға айыппұл салынған. Оның ішінде 4 ауыл әкімі мен «ҚазАвтоЖол» мекемесінің басшылары да бар.
ЖКО көп болуы себебінің бірі осы жолдың дұрыс тазаланбауы. Міне, мысалы, мына жерде жол әлдеқайда кең тазартылуы тиіс. Бірақ техника тапшылығы салдарынан дұрыс тазаланбаған. Сондықтан біз алдымен ескертіп, сосын кемшілік жойылмаса әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салуға мәжбүр боламыз, - дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманғали Исмағұлов.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік