14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?Жетісайда ерте піскен қарбыздар саудаға шыға бастады. Жаздың сүйікті жемісін тұтынушылар асыға күткенімен, мамандар қарбыз таңдауда сақ болуға шақырады. Қарбызды қай кезде жеген дұрыс, нитраттың қаупі қандай және диареядан қалай сақтануға болады?
Жаз мезгілі басталысымен базарлар мен дүкен сөрелерінде ерте піскен қарбыздар пайда болады. Биыл Жетісай ауданының диқандары АҚШ, Нидерланд және Түркия селекциясына жататын бірнеше жаңа сұрыптарды өсіріп, алғашқы өнімдерін жинауға кірісті. Олардың ішінде ерекше назар аудартқаны – жоғары дәмдік қасиетімен ерекшеленетін голландиялық «Инсепшн» сорты.
Біз үнемі жаңа сұрыптарды іздеп, Қазақстанға тың жаңалық ұсынғымыз келеді. Елге әлі толық зерттелмеген сұрыптардың тұқымдарын әкеліп, қазір ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Маған осы жүйеде фермер болып жұмыс істеу қызық. Бірақ фермер болып қалу үшін саланы дамыту қажет. Мысалы, Қырғызстанда бұл мәселенің шешімін тапқан: өз өндірушілерінің өнімін алдымен өткізу үшін шекараны бір-екі аптаға жауып қояды, – дейді шаруашылық директоры Бердияр Падаш otyrar.kz басылымына берген сұхбатында.
Алайда ерте піскен қарбыздар жайлы қоғамда түрлі пікірлер жиі айтылады. Көпшілік оларды нитратқа толы деп қауіптенсе, мамандар мұндай тұжырым әрдайым дұрыс емес екенін айтады. Заманауи агротехнологиялар қарбыздың табиғи мерзімінен ертерек пісуіне мүмкіндік береді. Сондықтан ерте өнімнің өзі қауіпті деген сөз емес. Ең бастысы – өнімнің қауіпсіздігі мен сақтау талаптарының сақталуы.
Қарбызды таңертең жеуге болмайды
Дәрігерлер қарбызды таңертең ашқарынға көп мөлшерде жеуге кеңес бермейді. Себебі оның құрамындағы табиғи қант пен көп мөлшердегі су асқазан-ішек жолына қосымша жүктеме түсіруі мүмкін. Қарбызды негізгі тамақтан кейін 1-2 сағат өткен соң немесе жеңіл тіскебасар ретінде тұтынған дұрыс.
Сондай-ақ кешкі уақытта көп мөлшерде қарбыз жеу де ұсынылмайды. Өйткені ол ағзадағы сұйықтық мөлшерін көбейтіп, түнгі ұйқының бұзылуына әсер етуі мүмкін.
Ересек адам үшін бір мезетте 300-500 грамм қарбыз жеткілікті саналады. Ал балаларға аз мөлшерден бастап беру керек.
Нитраттардан қорқу керек пе?
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары нитрат мөлшері жоғары өнім денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді. Нитраттар ағзада гемоглобинмен әрекеттесіп, метгемоглобин түзеді. Соның салдарынан оттегінің ағзаға тасымалдануы қиындайды.
Мұндай жағдайда адамның жүрегі айнып, құсуы, іші өтуі мүмкін. Кейбір жағдайларда еріннің көгеруі, әлсіздік және оттегі жетіспеушілігінің басқа да белгілері байқалады.
Сондықтан қарбыз сатып аларда оның қауіпсіздігі туралы құжаттарының болуына назар аудару қажет. Әрбір тұтынушы сатушыдан өнімнің сапасы мен нитрат мөлшерін растайтын анықтаманы сұрауға құқылы.
Диареядан қалай сақтануға болады?
Көп жағдайда адамдардың қарбыз жегеннен кейін іші өтуі нитраттан емес, санитарлық талаптардың сақталмауынан болады. Мамандар бірнеше қарапайым ережені ұстануға кеңес береді:
Кесілген қарбыздың бетінде бактериялар тез көбейеді. Әсіресе аптап ыстықта өнімнің бұзылу қаупі артады. Сондықтан көшеде алдын ала кесіліп сатылатын қарбыздарды сатып алу денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін.
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды