Жаңалықтар

Қарбыз жинау маусымы басталды: жеміс-жидек таңдағанда нені ескеру керек?

29.05.2026 10:15
Айзат Айдарқызы
Фото: Gov.kz

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы шаруалар алғашқы қарбызды жинауға кірісті. Жақында еліміздің түпкір-түпкіріне жөнелтуге мүмкіндік туады. 

Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, «Бахарам»  шаруа қожалығы егістік алқаптарын К-30 каналы арқылы келетін сумен қамтамасыз етіп отыр. Диқандар суару суын тұрақты әрі уақытылы жеткізіп отырғаны үшін «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына алғыс білдірді.

Биыл 10 гектар жерге қарбыз ектік. Қазір алғашқы өнімді жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Су мәселесі болған жоқ., – деді «Бахарам» шаруа қожалығының төрағасы Шакирбой Раджапов.

Жыл басынан бері Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне 1 миллиард текше метрден астам су берілді. Оның 307 миллион текше метрі Жетісай ауданына тиесілі.

Аудан бойынша бақша дақылдарын суаруға 53,8 миллион текше метр су жіберілген. Қазіргі уақытта Жетісай ауданында бақша өнімдерін, көкөніс пен жоңышқа алқаптарын суару жұмыстары жалғасып жатыр.

Қарбызды қалай таңдаймыз?

Қарбыздың ең «жылдам піскен» сортының өзі  шілденің соңында піседі. Сондықтан жақсы қарбызды жеудің ең қолайлы кезеңі тамыз айының соңынан қазанға дейінгі кезең болып саналады. 

Ескерерлігі, қарбыз бен қауын елорда нарығына түсер алдында базардағы ведомстволық зертханаларда міндетті түрде сараптама жүргізіледі. Егер нитраттар құрамының көрсеткіші нормадан асып кетсе, онда келген барлық  партияны дүкен сөресінен алып тастайды.Стихиялық сауда орындарында сатылатын өнімдер зертаханалық тексеруден өткен-өтпегендігі белгісіз.

 Қарбыз немесе қауын таңдауда қателеспеу үшін не білуіміз керек: 

Оқи отырыңыз