23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?ІІМ баспасөз мәслихатында еліміздің оңтүстік өңірлерінен қарасораны өсіруге, дайындауға және әкетуге қарсы іс-қимыл бағытында «Қарасора» арнайы операциясы жалғасып жатқаны айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған шараға ІІМ, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігінің арнайы бөлімшелері жұмылдырылып, әуеден барлау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылуда.
Құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсу ареалдарын ғарыштық зондтау бойынша «Қазақстан ғарыш сапары» мүмкіндіктері іске қосылған.
«Қарасора» арнайы операциясының бір айында полицейлер 233 қылмысты ашып, оның ішінде 87 өткізу фактісі, 33 аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз сақтау, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 86 фактісі, 4 есірткі зертханасы анықталды.
Заңсыз айналымнан бір тоннадан астам есірткі, оның ішінде 642 кг марихуана, 29 кг гашиш, 4 кг синтетика және шамамен 1 кг героин тәркіленді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік