15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҚазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов тағы екі ойында – қараша айында өтетін Бельгия және Фарер аралдарына қарсы кездесулерде құраманы алаңға бастап шығады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Дегенмен Байсуфиновтың өкілеттігі әзірге тек алдағы екі ойынға дейін жалғасады.
Еске сала кетсек, қазан айында ол ұлттық құрамамен екі матч өткізіп, сол ойындарда команда 4 ұпай еншілеген болатын. Енді қарашада Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Бельгиямен, сондай-ақ Фарер аралдарымен жолдастық кездесу өткізеді.
Талғат Байсуфинов 2025 жылдың 30 қыркүйегінен бастап бас бапкер міндетін уақытша атқарып келеді. Оның жетекшілігімен команда қазан айында Лихтенштейнді 4:0 есебімен ұтып, Солтүстік Македониямен 1:1 есебінде тең түсті.
Байсуфинов ұлттық құраманы мұның алдында да екі рет басқарған – 2016-2017 және 2020-2022 жылдары.
Қазіргі уақытта ол ұлттық жастар құрамасы (U21) бапкерлеріне менторлық көмек көрсетіп, ел футболының дамуына үлес қосып жүр.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады