6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция хабарынша, 7 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасына кеуде қуысының жарақатымен 45 жастағы әйел түскенін, кейін ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болған.
“Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша аудандық полицияда тіркелді. Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы Кошмамбет ауылының тұрғыны болып табылатын күдіктінің жеке басын анықтап, оны бір сағат ішінде “ізін суытпай” ұстады. Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот- медициналық сараптама тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде”,- деп хабарлады полицияда.
Қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалғанын атап өткен жөн.
Ұсталған адамның айтуынша, оқиға әйелдің кәсіби қызметіне байланысты емес, жеке қарым-қатынас салдарынан орын алған.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі