Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚарағанды тұрғыны үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарағанды қалалық полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы барысында қала көшелерінің бірінен 52 жастағы азаматты ұстады.
Ол өз үйінде қарасора өсіріп жатқандығы туралы мойындады. Ұсталған азаматтың мекен жайынан полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді баптайтын фитозертхананы анықтады. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан канабис тұқымын, 28 шыны ыдысқа отырғызылған өсімдік бұтасын, канабисті ұрықтандыратын заты бар 40 ампуланы және ультракүлгін шамдар тәріледі, - делінген мәліметте.
Сараптама қорытындысына сәйкес, 28 шыны ыдыстағы өсімдіктердің қарасора екені анықталды. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 300-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары