Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚарағандының «Шахтер» футбол клубы аукцион қорытындысы бойынша жеке меншікке өтті. Бұл шешім өңірдегі футбол саласын жаңғыртуды көздейтін ауқымды реформалардың бастауына айналды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Клубты қазақстандық кәсіпкердің ірі бизнес-тобына кіретін компания сатып алғаны белгілі болды. Сауда ашық форматта ұйымдастырылып, жекешелендіру барлық заң талаптарына сәйкес жүргізілді. Алдағы уақытта сатып алу-сату шарты ресімделіп, клуб жаңа құрылымның басқаруына өтеді.
Жекешелендіруден кейін «Шахтерді» дамытуға бағытталған кешенді жоспар іске асырылмақ. Өңір басшылығы Freedom Holding Corp. компаниялар тобымен бірге Қарағанды облысында жаңа футбол экожүйесін қалыптастыруға кірісті. Жобаның жалпы құын: 18,5 млрд теңге.
Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының қолдауымен бірнеше бастама жүзеге асырыла бастады. Атап айтқанда:
Болашақ академияның құрылысы шамамен 10 гектар аумақта жүргізіледі. Жобаға заманауи стадион, жыл бойына жаттығуға арналған жабық манеж, толық өлшемді алаңдар, әкімшілік корпусы, медициналық орталық, бассейн, сауна, асхана және жатақхана кіреді. Барлық нысандар жылы өткелдермен біріктірілмек. Сондай-ақ жаттығу аймақтары, бульвар және автотұрақ салу жоспарда бар. Негізгі жұмыстарды 2027 жылы аяқтау көзделген.
Клуб пен өңірлік футболға қажетті кадрларды даярлау да назардан тыс қалмайды. Жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру, халықаралық тағылымдамалардан өту және UEFA лицензияларын алу мүмкіндігі қарастырылуда. Футбол инфрақұрылымы облыстың ауылдық аумақтарын да қамтитын болады.
Айта кетейік, «Шахтер» қазіргі таңда Бірінші лигада өнер көрсетеді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?