Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіӘлем чемпионаты Үндістанданың Панаджи қаласының аудандарының бірі Дон-Пауладағы халықаралық орталықта өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында блиц, рапид және классикалық шахматтан өткен 24-ші әлем чемпионатына 15 федерациядан 89 спортшы қатысты. Олардың қатарында Ангола, Армения, Вьетнам, Израиль, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Непал, Польша, Словакия, Өзбекстан, Франция, Хорватия, Чехия, Ресей мен Беларусь шахматшылары бар.
Аталған додада Қарағанды облысының шахматшысы, спорт шебері 20 жасар Әлімжан Аяпов сәтті өнер көрсетті. Жас спортшымен бірге тағы үш қазақстандық біріншілікте бақ сынаған.
"20 жас және одан кіші" санатындағы блицте қарағандылық спортшы беларусьтік былтырғы чемпион Михаил Денисеннен кейін екінші орынға ие болды. Рапидте екі тең ойын және бір жеңіліспен алты жеңіске қол жеткізген Әлімжан ерлер арасында екінші орынға ие болды. Ал классикада тоғыз ойыннан жеті ұпай жинап, ол ересектер санатында қола жүлдеге ие болды, - деді әлем чемпионы жүлдегерінің жаттықтырушысы Виктор Максименко.
Бейресми командалық есепте қазақстандық шахматшылар төрттігі Ресей Федерациясы мен Үндістаннан кейін үшінші орынға ие болды. Ел қоржыны бес күміс және екі қола медальмен толықты.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?