1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіЖапонияның Тояма қаласында киокушинкай каратеден өткен халықаралық турнирде Қарағанды облысының спортшылары 16 жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандықтардың қарсыластары Жапония, Ресей, Германия және Корея құрамасының спортшылары болды.
Қарағанды мектебі өзін жарқын көрсетті. Біз алты алтын медаль ұтып алдық. Бұл өте жақсы нәтиже, әсіресе қараша айында Австралияда өтетін Әлем кубогының алдында. Оған қарағандылық бес спортшы іріктеліп алынды. Жылдың басты жарыстарына барынша дайындалып жатырмыз, – деді Қарағанды облысының кекушинкай карате федерациясының басшысы Тимур Райымбеков.
Ол өзі де алтын медаль алды. Түрлі пәндер бойынша Илья Опалев, Амира Райымбекова, Жанетта Сұлтанова бірінші орын алды. Владимир Гриневецкий ката мен кумитте екі рет жеңімпаз атанды. Оның күш-қуаты халықаралық турнирде үздік деп танылған.
Күміс және қола жүлдеге Думан Балтабай, Амира Райымбекова, Аружан Маден, Виктор Кузнецов, Әсем Шәугенбай, Жанетта Сұлатнова, Милослав Парфенов ие болды.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?