Кеше, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайҚарағандыда "Жеңіске 100 күн" республикалық акциясы аясында 44803 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өздерінің ауданында тұратын тыл ардагері Надежда Образцоваяға көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Саймандары сақадай сай сарбаздар үй маңын абаттандырып, қалған қарды лақтырып, ауланы құрғақ жапырақтар мен қоқыстардан тазартты. Жұмыс аса қамқорлықпен әрі ыждағатпен мұқият орындалды.
Біз қарт адамдарға бірінші рет көмек көрсетіп отырған жоқпыз. Мұндай жұмыстар оларға өте ауыр, ал жастарға түк қиын емес. Үлкендерге қол ұшын созып, алғыс пен бата алған қандай жақсы, – деді қатардағы жауынгер Амантай Әбдірәсіл.
Мұндай іс-шаралар жастарды майданда жанқиярлықпен соғысқан және тылда жеңісті жақындатқан аға буынға деген құрмет пен ризашылыққа тәрбиелейді. Акция игі істер мен жақсы әрекеттерді насихаттай отырып, әр буын өкілдерін біріктіруді жалғастырып келеді.
Кеше, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?1 Шілде, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат