Қарағанды қаласындағы 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері суға батып бара жатқан екі адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқи отырыңыз:
Бөлімше командирі кіші сержант Темірлан Қайратұлы Малмаков пен ефрейтор Дмитрий Андреевич Канискин Қарағанды қаласының демалатын су орнында жүргенде, жартастан секіріп, аяғынан ашық сынық алып, суға бата бастаған шамамен 30 жастағы ер адамды құтқарды. Сол сәтте суға батып бара жатқан әйелдің көмек сұраған дауысын естіп, оған да көмек көрсетті, - деп жазды ТЖМ-нан.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда екі жасар баланың мұрнынан дәрігерлер 10 тірі құрт алып шыққанын жазған болатынбыз.