Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады74 жастағы зейнеткер Сабыртай Шокеев Қарағанды облысы Қызылқой ауылында өзінің жеке тракторымен көшелерді қардан тазартып жүр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24kz-ке сілтеме жасап.
Жерлестері оны «Таза Қазақстан» акциясының ең белсенді және ең егде қатысушысы деп атайды. Тұрғындардың айтуынша, ол мұндай игі істі жылдар бойы тұрақты түрде атқарып келеді. Қыс мезгілінде Сабыртай Шөкеевтің әр таңы қар күреуден басталады. Темір тұлпарының жай-күйін бір тексеріп алып, жұмысқа кіріседі. Жазда шөп дайындайды, ал қыста қар шығарады.
Өз ауласынан бөлек, ауданға шығар жолды, мектеп пен мешіттің көшесін қардан тазартады. Ауылдастарына үнемі қамқор болып жүретін ақсақал пайдалы істен жаны рақат табатынын айтады.
Мынау үлкен күрежолға жол тазалап тұрамын енді жолаушыларға, сол шамам келгенше енді. Жолаушылар жүре алмайды ғой, жеңіл машинамен өте алмайды. Сондықтан тазалап тұрамыз, балалар бар, намазға баратын кісілер бар.Үлкендер бірін бірі қонаққа шақырады, ауылдың арасында кісілер, - дейді Қызылқой ауылының тұрғыны Сабыртай Шөкеев.
74 жастағы ақсақал жағармайды зейнетақысына сатып алады. Бірақ атқарған жұмысына ақы талап етпейді. Тіпті трактор өте алмайтын жерлерді күрекпен тазартып шығады.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді