Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы YDD Corporation ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенованың айтуынша, зардап шеккен бес адамның жағдайы өте ауыр, үшеуінің жағдайы ауыр. Барлығына кешенді шокқа қарсы терапия жүргізіледі.
YDD Corporation ферроқорытпа зауытында болған оқиға негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156 «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Еске сала кетейік, 20 шілдеде Қарағандыдағы YDD Corporation компаниясының ферроқорытпа зауытында №1 пеште кенеттен жалын шығып, соның салдарынан сегіз адам зардап шекті.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары