23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қарағанды қаласындағы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен «JastarX» диалог алаңы өтті. Іс-шара «Жұмысшы мамандықтар болашағы: тенденциялар мен перспективалар» тақырыбында ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, іс-шара мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылына орай, қоғамдағы техникалық және өндірістік сала мамандарының беделін арттыруға, жастар арасында еңбекке құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Кездесуге колледждер мен кәсіби лицейлердің өкілдері, аймақтық жастар ресурстық орталықтары, сарапшылар мен белсенді жастар қатысты.
Диалог алаңы аясында сарапшылар, жұмыс берушілер және жастар арасында еңбек нарығындағы жаңа трендтер, кәсіби білімнің маңызы мен болашақта сұранысқа ие бағыттар талқыланды.
Сонымен қатар жиында әр сала мамандары жұмысшы мамандықтың маңызын, жастардың өндірістік ортадағы рөлі және болашақ кәсіби бағдар туралы өз тәжірибелерін бөлісті.
Іс-шара барысында еңбекке баулу, жұмысшы мамандықтарға қызығушылықты арттыру және табысты кейстерді көрсету сынды маңызды тақырыптар көтерілді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік