22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚарағанды облысында Жеңіс күніне орай төленетін біржолғы материалдық көмектің сомасы белгілі болды. Әкімдік соғыс қатысушылары 3 млн теңгеден алатынын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұдан өзге жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендерге: концлагерлер тұтқындарына және қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 200 мың теңгеден, тыл еңбеккерлеріне – 100 мың теңгеден, ҰОС жылдары қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері мен әйелдеріне – 50 мың теңгеден төлемдер қарастырылған. Сонымен қатар, мерейтойлық медальдар тапсырылады.
Қазіргі уақытта Қарағанды облысында 3 240 ардагер тұрады, олардың 9-ы Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Өңірде Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындық басталып кетті.
Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу бастау алды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қали Аманбаев пен Қамали Дүйсембековтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар өтті. Қазіргі уақытта соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешу жөніндегі жұмысты үйлестіретін облыстық және өңірлік штабтар құрылуда, – деді аппараттық кеңесте ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов.
Жастар ұйымдары еріктілерінің қатысуымен «Ардагерлерге тағзым» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Сондай-ақ, мектеп оқушыларына арналған патриоттық іс-шаралар: сынып сағаттары, ерлік сабақтары, конкурстар жоспарланған. «Айбын» әскери-патриоттық жиыны өтеді.
Әдеттегідей онлайн-форматта өмірден озған батырлардың есімін мәңгі есте қалдыру үшін «Ер есімі – ел есінде» акциясы өткізіледі.
Бүгінде облыста 171 Жауынгерлік Даңқ ескерткіші бар.
Ардагерлердің ешқайсысы да назардан тыс қалмауы керек, – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Аймақ әкімі басқармалардың басшыларына Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге қатысты бірқатар тапсырмаларды берді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев