Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚарағандыда жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген жасөспірім анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
9 шілде күні сағат 13.45 шамасында Қарағанды облыстық полиция департаментінің кезекші бөліміне белгісіз біреу қоңырау соғып, Қарағанды қаласында орналасқан «ЦУМ» сауда үйінде жарылғыш зат орнатылды деп хабарлаған.
Оқиға орнына барлық жедел қызмет жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері сауда үйінен 230 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Сауда үйі тексеріліп, ол жерден жарылғыш зат анықталған жоқ.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 15 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қарағанды облыстық полиция департаменті терроризм бойынша жалған көрнеу ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін еске салады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?