Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБүгін Қарағанды қаласында «WordSkills-Karaganda 2025» өңірлік чемпионаты басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл чемпионат жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және кәсіби құзыреттерді дамытуға бағытталған.
Іс-шараны Қарағанды облысының Білім басқармасы ұйымдастырды. Чемпионатқа колледж студенттері мен жас мамандар қатысып, өндірістік ортаға барынша жақын жағдайда өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетуде.
Биылғы чемпионат сантехника және жылыту жүйелері, плиткамен қаптау, қабырғалық кірпіш қалау, сәндік және сырлау жұмыстары, жиһаз өндірісі, шатыр жабу жұмыстары, гүл өнері, визуалды мерчендайзинг және витринистика, өнеркәсіптік дизайн сынды құзыреттер бойынша өтуде.
Басты мақсат – талантты жастарды анықтап, оларға қолдау көрсету, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беруді еңбек нарығының нақты талаптарымен ұштастыру.
Айта кетейік, аталған чемпионат 22 мамырға дейін жалғасады. Өңірлік кезең жеңімпаздары Қарағанды облысының намысын WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатында қорғайды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?