Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекДемалыс күндері Қарағанды облысында дауыл соғып, жүзден аса ғимаратқа зақым келді. Аталған жағдайға байланысты облыс әкімі Қарағандыда төтенше жағдай режимін енгізуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушылар ауа-райынан зақым келген ғимараттарды жөндецді жалғастыруда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өңірдегі жағдай туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов баяндады.
18–19 қарашада аймақта қатты желдің салдарынан 114 тұрғын үйлер мен әртүрлі ғимараттардың шатырлары мен қабырға қаптамаларының зақымдануы тіркелді. Қираған шатырлардың жалпы ауданы 18 947 шаршы метрді құрады. Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарының аумағында электр энергиясы ішінара өшіріліп қалды. Қазіргі уақытта облыстың елді мекендерінің басым бөлігі электр энергиясына қосылған, үш қалада және төрт ауданда авариялық жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ, ағаштардың қирауы мен құлау қаупі туралы 85 хабарлама келіп түсті, – деді Мұрат Қатпанов.
Ермағанбет Бөлекпаев қалалар мен аудандардың әкімдеріне қысқа мерзімде зардап шеккен нысандарды қалпына келтіруді тапсырды. ТЖ жариялап, барлығын заң аясында жасау керектігін тілге тиек етті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?