Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТөбелес салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
3 маусым сағат 19:52 шамасында 102 телефонына Қарағандыдағы Ерубаев көшесінде төбелес болып жатқаны туралы ақпарат түсті.
ҚР ІІМ мәліметінше, оқиға орнынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді.
Патрульдік полиция «Абзал» сауда үйінің маңынан 25 және 26 жастағы екі күдіктіні ұстаған. Біреуінен пышақ, екіншісінен кастет тәркіленді.
Ұсталғандар полиция басқармасына жеткізілді. Аталған факт полицияда тіркелді. Оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген мәліметте.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек