22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыУланған екі баланың бірінің асқазанын шайған, екіншісінің өңеші күйіп қалған.
Балалар 10 шілдеде кешке уланып қалған. Уланған бүлдіршіндердің біріне екінші дәрежелі өңеш пен асқазанның химиялық күйігі диагнозы қойылған. Қазіргі күні балалар ауруханасында емделіп жатыр.
Тәрбиеші хлорды жай сумен шатастырып алған. Менің ұлымнан басқа тағы бір қыз уланды, бірақ оның жағдайы, менің білуімше, жақсы. Оқиға болған кезде бізге ешбір балабақша маманы хабарласып айтпады, тек кешке балаларымызды әкетуге келгенде бір-ақ білдік. Егер дер кезінде жедел жәрдем шақырып, балалардың асқазанын шайса, жағдай ушықпас еді, - дейді Алина есімді ата-ана.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасы бүлдіршін улану фактісі бойынша 10 шілдеде көпсалалы облыстық балалар ауруханасына түскенін айтады.
Тексеру жүргізіліп, ем тағайындалды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, қанағаттанарлық, - деп нақтылады ведомство.
Қарағанды қалалық білім бөлімі 11 шілдеде оқиғаға кінәлі мамандар жауапкершілікке тартылғанын айтты.
10 шілдеде «Бәйтерек» бөбекжайы» КММ-де сағат 18.30 шамасында "Еркетай" тобының балалары серуенде су сұраған. Тәрбиеші топқа барып, шәйнектен су құйған. Тәрбиешінің көмекшісі шәйнекті тазарту үшін бір део-хлор таблеткасын салып қойған. Су алуға келген тәрбиеші бұл туралы білмеген. Медицина қызметкері сағат 18:55-те жедел жәрдем бригадасын шақырды. Бұл факт санитарлық нормаларды сақтау талаптарын білмеудің салдарынан болды. 11 шілдеде барлық кінәлі - медицина қызметкері, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады білім бөлімі.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев