Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚарағанды индустриалды университетінде Alive экоклубы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның қатарында ғаламшарды тазартуға ұмтылған 50-ге жуық студент бар. Клубтың ашылуында эколог және «Отражение» ҚБ жетекшісі Елена Варганова тұрақты даму туралы дәріс оқып, тұрақты жоспарлауға арналған шеберлік дәрісін өткізді.
Клубқа кірген студенттердің идеялары мен жобалары көп. Мысалы, біздің ЖОО-да қоқысты бөлек жинау бұрыннан жұмыс істейді, ал химия және экология кафедрасында студенттер экологиялық таза сабын, кәмпиттер, жөтелге қарсы шәрбаттарды өздері дайындайды. Экоклуб осындай бастамаларды дамытуға және жаңаларын құруға көмектеседі, – деп есептейді ҚарИУ баспасөз хатшысы Лидия Фролова.
Alive экоклубының мүшелері ЖОО аумағын көгалдандыру бойынша бірнеше іс-шараларды жоспарлаған. Сондай-ақ, студенттерге автобустар мен автокөліктермен жүруден бас тарту ұсынылатын веложолдар салу да жоспарланған.
КарИУ экоклубының мүшелері де бір реттік пластикті пайдаланудан бас тарту бағдарламасын белсенді түрде ілгерілетуде.
Университетте кофе-автоматтар бар, бірақ олардың жанында бір рет қолданылатын стакандар жоқ. Студенттер өз кеселерін, термостарын алып келеді. Буфетте пластикалық түтіктер, аспаптар, бір рет қолданылатын ыдыстар мен контейнерлер жоқ, – деді Лидия Фролова.
Ынта білдірушілер Экоклубқа кіріп, экоакциялар мен жобалар бойынша өз идеяларын ұсына алады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар