30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚарағанды қаласындағы Бұхар Жырау даңғылының бойында орналасқан сауда - ойын орталығының бірінде өрт шығып, ТЖМ күштерінің араласуымен сөндірілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ТЖМ-нің хабарлауынша, жедел келген құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдаған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін аталған алып нысанның әкімшілігі келушілер мен персоналды эвакуациялауды ұйымдастырды. Нәтижесінде 250-ге жуық адам далаға шығарылған.
Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түспеген. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, суды үздіксіз беру ұйымдастырылған. Сондай-ақ, өртті сөндіру жоғары температурамен және қатты түтінмен күрделене түскен.
Өртті жоюға ТЖМ 60-тан астам жеке құрам мен 21 бірлік техника жұмылдырылды, - деді Қарағанды облысы ТЖД ТЖЖБ бастығы Нұржан Жақатаев.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды