Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Долинка ауылында 2023 жылғы 31 шілдеде орташа тәртіптегі колониядан рецидивист қашып кеткен. Ол көп ұзамай ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Таратылған хабарламада ер адам мекеменің күзетілетін аумағынан тыс жерде орналасқан нысанда жөндеу жұмыстарына тартылғаны айтылған.
Оқи отырыңыз:
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қашып кеткен азаматты жедел қызметкерлер бірнеше сағат ішінде ұстады, - дейді Қарағанды және Ұлытау облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл факті бойынша Қарағанды облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 426-бабымен ("Ұстау орындарынан, қамауға алудан немесе күзетпен ұстаудан қашу") сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны мәлім болды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сәйкес тергеу мәліметтері мен басқа да мәліметтер жария етілмейді. Колонияда қызметтік тергеу басталды.
Ведомствоның мәліметінше, 29 жастағы ер адам айдап әкету және ұрлық баптарымен сотталып, жалпы 4 жылға бас бостандығынан айырылған.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары