Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қарағанды облысының Приозерск қаласында 9 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде өрт шықты. Оқиға кезінде құтқарушылар 10 адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жалын үйдің тұрмыстық заттары мен жиһазын, пластикалық есігін, төбеге орнатылған пластикалық панельдерді, сондай-ақ балконның ағаш құрылымдарын шарпыды. Өрттің жалпы аумағы шамамен 12 шаршы метрді құрады.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары үйден 10 адам, соның ішінде 4 баланы эвакуациялады. Барлығы көміртегімен уланудан құтқарылды. Сөндіру барысында пәтерден газ баллонын уақытылы қауіпсіз жерге шығарылды, бұл ықтимал жарылыстың алдын алды. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ,-деп атап өтті министрліктен.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары