1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚарағандыда күдікті ер адам көпқабатты үйдің ауласында жүрген кішкентай балаларға тиіскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көпқабатты үйдің тұрғындары ауладағы балаларға тиісіп, қызығып қарап жүрген күдікті ер адамды байқап қалған. Кейін тұрғындар полиция жасағын шақырған.
Қарағанды ПБ-ның Октябрь полиция бөліміне белгісіз біреудің көпқабатты үйдің ауласында балаларға тиіскені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынасқа түспек болған ер адам анықтады. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 34 жастағы күдікті ұсталды, - делінген ақпаратта.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі және 121-бабының 4-бөлігі «Кәмелетке толмаған адамға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасауға оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ ведомство күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?