Бүгiн, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қарағандыда Геологтар күніне орай "Аширит" тас әуесқойлары клубы көрме дайындады. Келушілер жеке коллекциялардан минералдар мен асыл тастардың бірегей экспонаттарын көре алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Көрменің ашылуы 30 наурыз күні сағат 15.00-де Экомұражайда (каскад алаңындағы "Центрказнедра" ғимараты, Бұқар Жырау даңғылы, 47) өтеді.
Биыл "Аширит" Орталық Қазақстан өлкетану-туристік клубы мерейтойын атап өтуде. Қоғамдық бірлестікке 35 жыл толады. Экспозицияда Қазақстанның сиқырлы жер қойнауының құпия әлеміне ғашық геологтар, өлкетанушылар, зергерлер, суретшілер мен қарапайым қала тұрғындарының коллекциялары ұсынылады, – деп атап өтті көрмені ұйымдастырушылар.
Қазақстанда Геологтар күні сәуірдің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Биылғы жылы кәсіби мереке 2 сәуірге түсті.
Бүгiн, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бүгiн, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік