6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚарағанды қаласында ORTAU креативті технологиялар орталығы өз жұмысын бастады. Бұл – Қазақстандағы 14-ші креативті хаб, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігі аталмыш хаб жергілікті креативті индустрия өкілдерінің шығармашылық және іскерлік ынтымақтастығын арттырып, өңірдегі креативті нарықты реттеуге арналған алаңға айналатынын атап өтті.
Қазірдің өзінде орталықта 75 креатор тіркелген, жұмыс жоспары мен іс-шаралар бекітілген.
Айта кетейік, Қарағанды облысында жалпы 2161 креативті индустрия субъектісі тіркелген. Ең кең таралған сала қатарында IT-технологиялар, металл және тастан бұйымдар өндіру, архитектура, кино және ТВ-продакшн, этно-фэшн бағыты бар.
Жаңа кеңістіктің ашылуына Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов қатысты. Сондай-ақ ол жергілікті креативті индустрия өкілдерімен де кездесу өткізді. Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтсақ, көрме алаңдарын ұсыну, креативті тауарлар мен қызметтерді коммерцияландыру және экспорттау мәселелері қозғалды.
Евгений Кочетов қазіргі уақытта бұл экономикалық секторды мемлекеттік қолдаудың екінші пакеті қарастырылып жатқанын атап өтті.
Еске салсақ, биыл креативті индустрияларды қолдау және дамыту туралы заң қабылданды. Сондай-ақ Бюджет кодексіне сәйкес, ұлттық лотерея операторы табысының 3%-ы тоқсан сайын Креативті индустрияларды қолдау және дамыту корпоративтік қорына аударылатын болады. Қор өз жұмысын шілде айында бастайды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі