13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚарағандыдағы №12 шағынауданда бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызыл жалын аумағы - 20 шаршы метр. Пәтердегі жиһаз бен үй заттары мен балконның ішкі ағаш қаптамасы жанған.
Төтеншеліктер баспалдақ маршымен 12 адамды эвакуациялады, оның бесеуі бала. Сонымен қатар жанып жатқан пәтерден үш тұрғын құтқару қалпақтарын пайдалану арқылы сыртқа шығарылды.
Зардап шеккендер көміртегі тотығымен уланған. Олардың бірі көрсетілген көмекке қарамастан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Бірінші зардап шеккен адам Апаттар медицинасы орталығы филиалының жедел әрекет ету бригадасының көмегінен кейін ауруханаға жатқызылып, екіншісі тексеруден кейін қайтарылды.
Өрт сөндірілді, оқиғаның себебі анықталуда.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды