Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚарағанды қаласындағы Гүлдер-1 шағынауданында 9 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға бүгін кешкі сағат 17.53 шамасында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, 8-ші қабаттағы пәтерде тұрмыстық заттар мен жиһаздар өртенген. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарын қолданып, 10 адамды құтқарды, оның үшеуі балалар. Сондай-ақ 12 адам эвакуацияланды, оның екеуі балалар.
Өртенген пәтердің екі тұрғыны қосымша тексеру үшін ауруханаға жеткізілді.
Қызыл жалын 6 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Өрт сағат 18.26-да сөндірілді. Оны сөндіруге жеке құрамның 30 адамы мен 8 жедел әрекет ету техникасы жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс