12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚарағандыда криминалдық полиция қызметкерлері жалған купюралармен тауарға ақша төлеп жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды ПБ Михайловский полиция бөлімі тергеу-жедел тобының қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 52 жастағы ер адамды ұстады.
Ер адам қала саябақтарының бірінде балмұздақ сатып алған. Бұл ретте барлық жағдайда номиналы 10 мың теңге болатын кәдесый купюраларымен төлеген. Ол гүл шоқтарын сатып алған гүл дүкенінде де осындай қулық жасаған. Келтірілгнен шығынның сомасы 30 мың теңге болған, - делінген хабарламада.
Сауда нүктелерінде орнатылған бейнекамералардың арқасында күдіктінің жеке басы анықталды. Ұсталған адам кінәсін мойындады.
Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер