Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚарағандыда есірткі саудасын жарнамалайтын парақшаларды жапсырумен айналысқан жасөспірімдер ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, Қарағанды қаласында Октябрь полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары әкімшілік аумақты аралау кезінде тұрғын үйлердің бірінің есігіне жаңадан жапсырылған QR-коды бар парақшаны анықтады. Тексеру нәтижесінде сілтеменің есірткі саудасына қатысты Telegram-арнасына апаратыны белгілі болды.
Жедел әрекет ету нәтижесінде полицейлер 14 және 15 жастағы кәмелетке толмаған екі қызды ұстады. Ұсталғандардың қолында әлі жапсырылмаған 60-қа жуық парақша тәркіленді. Қыздардың айтуынша, олар бұл жұмысты хабарландыру арқылы тапқан. Әрбір жапсырылған парақша үшін оларға 70 теңге төленген. Мектепте бұған дейін мұндай іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетіні бойынша бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан, қыздар бұл жарнаманың зиянсыз екеніне сендірілгенін айтты. Олар сілтеменің халық тұтынатын тауарлар сататын интернет-дүкенге апаратынын көрсеткен, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта қозғалған қылмыстық іс аясында заңсыз материалдарды таратуды ұйымдастырған адамдарды анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі