Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚарағанды қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде 2010-2011 жылдары туған жасөспірімдер арасында еркін күрестен облыс прокурорының кубогына ашық республикалық турнир өтті.
Спорттық іс-шара Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылғанына 35 жыл толуына орай және «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде ұйымдастырылды.
Жарыстың ашылу салтанатында облыс прокуроры жас спортшыларды турнирдің басталуымен құттықтап, оларға өз күштеріне сенімділік, лайықты күрес, адал жеңіс және жаңа спорттық жетістіктер тіледі.
Турнирге республиканың 14 облысынан келген 10 команда құрамында 250-ден астам спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыс прокурорының кубогымен, грамоталармен және чемпиондық белбеулермен марапатталды.
Мұндай іс-шараларды өткізу прокуратура органдарының заңдылық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарына бейілділігін көрсетеді. Сонымен қатар жастарды қолдауға, салауатты өмір салтын насихаттауға және өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар